: Барысында
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Қызметкерлердің қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту, нұсқау беру және білімдерін тексеру ережелері мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына сәйкес еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшы және қызметкерлер, мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан және білімін тексеруден өтеді (кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда).
Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес, жауапты қызметкерлер деп өндірістік қызметпен айналысатын ұйымдардың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар түсініледі. 2015 жылғы 23 қарашадағы ҚР
Еңбек кодексіне сәйкес өндіріс қызметі деп ресурстарды дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолданатын жұмысшылардың, соның ішінде шикізаттың әртүрлі түрлерін өндіру және қайта өңдеу, қызметтердің әр түрлі түрлерін ұсыну және жұмыстарды орындау үшін қолданатын әрекеттерінің жиынтығы түсініледі.
Копирование, размножение, распространение, перепечатка (целиком или частично),
или иное использование материала без письменного разрешения автора не допускается.
Любое нарушение прав автора будет преследоваться
на основе законодательства Республики Казахстан