Биіктіктегі жұмыстар

Current Status
Not Enrolled
Price
Закрытый
Get Started
This course is currently closed

 

Биіктіктегі жұмыстар қауіптілігі жоғары жұмыстарға жатады және еңбекті қорғау бойынша жоғары талаптар қойылатын жұмыс түрлерінің тиісті тізбесіне енгізіледі.

Биіктікте жұмыстарды орындауға 18 жастан кем емес, биіктікте жұмыстарды орындауға қарсы көрсетімдерсіз медициналық тексеруден өткен (алдын ала жұмысқа қабылдау кезінде, одан әрі екі жылда бір рет кезең-кезеңімен), кәсіби дағдылары бар, белгіленген тәртіппен жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін, еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқау беру мен білімін тексеруден өткен және тиісті куәлік алған адамдар жіберіледі.

Биіктікте жұмыстарды орындау үшін тағайындалған барлық мамандықтағы жұмысшылар – монтажшылар, такелажшылар, электр дәнекерлеушілер, газ кесушілер, слесарлар және т.б. медициналық тексеруден, нұсқамадан, оқытудан, жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша білімін тексеруден өтуі, оларды өндіру құқығына тиісті куәліктері болуы және белгіленген тәртіппен жұмыстарды орындауға жіберілуі тиіс.

Курс Content

Развернуть всё
Пролистать наверх