Дайындық мақсаты: | Инженерлік-техникалық қызметкерлерді, жүк көтергіш крандар мен механизмдерді жарамды жағдайда ұстауға жауапты тұлғаларды аттестаттау алдындағы даярлау |
Тыңдаушылар санаты: | Инженерлік-техникалық қызметкерлер, жөндеу қызметтері мен цехтарының бастықтары, механиктер, жүк көтергіш крандар мен механизмдерді жарамды күйде ұстауға жауапты тұлғалар |
Дайындық түрі: | Өндірістен үзумен |
Білімді мерзімді тексеру: | Қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытумен 3 жылда 1 рет |
Осы “Жүк көтергіш крандар мен механизмдерді жарамды жағдайда ұстауға жауапты тұлға” курсы бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау бағдарламасы Қазақстан Республикасының “Азаматтық қорғау туралы” 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы “Азаматтық қорғау туралы” Заңының, “Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерінің”, қолданыстағы мемлекеттік стандарттар мен әдістемелік ұсынымдардың негізінде жасалды және оқу жоспарларын, 40 сағатқа есептелген бағдарламаны тақырыптық бөлуді қамтиды.
Жүк көтергіш крандар мен механизмдерді дұрыс жағдайда ұстауға жауапты тұлғаның білімін тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді және куәлікте тиісті белгі қойылады.
Дайындық аяқталғаннан кейін оқушыларды Horizon University онлайн-платформасында тестілеу жүргізіледі. Емтиханнан өткен және тестілерді онлайн режимде табысты тапсырған тыңдаушыларға комиссия төрағасының қолы қойылған белгіленген нысандағы куәлік беріледі. Куәлік онда көрсетілген мерзім кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жарамды.
Копирование, размножение, распространение, перепечатка (целиком или частично),
или иное использование материала без письменного разрешения автора не допускается.
Любое нарушение прав автора будет преследоваться
на основе законодательства Республики Казахстан