ТЭҚТПЕ және ТҚЕ ережелеріне сәйкес электр қондырғыларымен қызмет көрсететін және (немесе) жұмыс істейтін персонал үшін тиісті топ бере отырып, электр қауіпсіздігі бойынша оқыту көзделген.
Білімді кезекті тексеру келесі кезеңділікпен жүргізілуі тиіс:
- Тікелей, жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларына қызмет көрсететін немесе оларда баптау, электр монтаждау, жөндеу жұмыстарын немесе профилактикалық сынақтарды орындайтын электр техникалық персонал, сондай – ақ нарядтарды, өкімдерді ресімдейтін, осы жұмыстарды ұйымдастыратын персонал – жылына 1 рет;
- Алдыңғы топқа жатпайтын басшылар мен мамандар және электр қондырғыларын Инспекциялауға жіберілген еңбекті қорғау жөніндегі мамандар (инженерлер) – үш жылда 1 рет